Қазақстан • 27 Сәуір, 2018

Қытайдың Циндао қаласында өтетін ШЫҰ саммитінің күн тәртібі мақұлданды

470 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бейжіңде Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары осы жылғы маусымда Қытайдың Циндао қаласында өтетін ұйым саммитінің күн тәртібін мақұлдады.

Қытайдың Циндао қаласында өтетін ШЫҰ саммитінің күн тәртібі мақұлданды

Қазақстан, Қытай, Қыр­ғыз­стан, Үндістан, Пәкістан, Ресей, Тә­жікстан, Өзбекстан сыртқы істер ми­нистрлері Бейжіңдегі осы оты­рыстың барысында ШЫҰ-ның саяси, экономикалық және гуманитарлық сала­лар­дағы алдағы міндеттерді талқы­лады, сондай-ақ Циндао деклара­циясының жобасын және ұйым­ның қызметіне қатысты басқа да ше­шімдерді қарастырды. Халық­аралық және өңірлік күн тәрті­бінің өзекті мәселелері бойынша байыпты пікір алмасылды. 2017 жылы маусымда Астанада өткен ШЫҰ-ның саммиті бары­сында қол жеткізілген уағдалас­тық­тардың іске асыру барысы қарастырылды.

Қазақстан Сыртқы істер ми­нистрі Қайрат Әбдірахманов өз сөзінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ШЫҰ-ға мү­ше мемлекеттердің көліктік бағ­дар­ларының жан-жаққа тармақ­талған жүйесін ескере отырып, автокөлік және темір жол­дарды дамыту мәселесінің өзекті­лігін атап өтті. Сонымен қатар Қа­зақ­станның ШЫҰ-ның Іскерлік кеңесі мен ШЫҰ-ның Банкара­лық бірлестігінің министрлік мә­жілістері мен жұмыс топтарының тетіктері қамтылған неғұрлым ауқ­­ымды ынтымақтастыққа жан-жақ­ты қосылуын қолдайтынын атап, сауда-экономикалық сала­да қабылданған құжаттарды тү­ген­деуді және олардың іске асы­ры­луын қамтамасыз етуді ұсын­ды.

Отырыс қарсаңында делегация басшылары Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Ол Қы­тай тарапы ШЫҰ-ның дамуына жәрдем етуді елдің сыртқы сая­си басымдықтарының бірі ретін­де қарастыратынын және ұйым­ға басқа мүше мемлекеттер­мен бірлесе саяси салада өзара қолдау көрсетуге, өңірде қауіп­сіздік пен тұрақтылықты қам­тамасыз етуге, «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы аясында ынты­мақтастықты нығайтуға, гума­нитарлық алмасуларды кеңейтуге дайын екенін білдірді.

Жалпы, сыртқы саясат ве­дом­ство­ларының басшылары ШЫҰ өзара сенімділікке, өзара тиім­­ділікке, теңдікке, өзара кон­сультацияларға, мәдениеттің алуан түрлілігін құрметтеуге жә­не бірлесіп даму ұмтылысына сүйене отырып, өзін беделді халық­аралық ұйымның жаңа түрі және халықаралық қатынастар жүйе­сінің маңызды қатысушысы ретінде бекіткенін айтты.